×

Шерзат Болат ісі: сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады

Оның мүддесін қорғаушы Мәулен Ержанов прокурордың эмоцияға беріліп жатқанын айтып, өтінішхатты қолдады.

Шерзат Болат ісі: сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады
Фото: Orda.kz

Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысында сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірді деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әскентайдан жауап алу барысында қорғау тарапының адвокаттары мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірді. Оның мүддесін қорғаушы Ержанов прокурордың эмоцияға беріліп жатқанын айтып, өтінішхатты қолдады.

Прокурорға қарсылық білдіруге негіздер қылмыстық процестік кодекстің 87 және 88-бабында көрсетілген. Қорғау тарапы айтқанының ешқайсысы ол жерде көрсетілген негізге сәйкес келмейді. Сол себепті өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймыз, – деді прокурор Дана Сәрсенбай.

Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. 

Әскентай 293-бап 3-бөлігі, яғни «Бұзақылық» бойынша айыпталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →