×

"Бәрі “мойныңа аласың” деді": Шерзат ісіндегі прокурор Әскентайдан бұл сөздің мәнін сұрады

Айыпталушы Әскентай  жауап берген  сәтте түсініксіз жағдайда болғанын алға тартып отыр

"Бәрі “мойныңа аласың” деді": Шерзат ісіндегі прокурор Әскентайдан бұл сөздің мәнін сұрады
Сурет: ашық дереккөзден

Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде прокурор Дархан Әскентайдан "мойныңа аласың" деген сөзінің мәнін сұрады. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісі сот залынан хабарлайды.

«Бәріміз автокөліктен сыртқа шықтық. Сөйлесе бастадық. Сол жерде тұрған жігіттердің барлығы маған "мойныңа аласың" деп айтты. Мен оларға "бір жері сынған болса, өз мойныма аламын" деп айттым», – деген сөзіңіз бар. Жігіттер сізге нақты нені мойныңа аласың деді? – деп сұрады сот барысында Әскентайдан прокурор.

Бұл сауалға жауап берген Әскентай түсініксіз жағдайда болғанын алға тартты.

«Маған неше түрлі сұрақтар қойылды. Жоқ заттар айтылды. Не айтып, не қойғанымды білмей қалдым. Өйткені ИВС-ке келгенде «үйі өртеніп кетті» деген ақпаратты естідім,» – деді ол.

Сондай-ақ, жәбірленуші Бишімбиева сотта Дархан Әскентайдың қолында пышақ болғанын және оны Нұрқанатқа сермегенін айтқан. Алайда сотталушы бұл айыптаумен келіспейтінін жеткізді.

“Қолымда пышақ болған жоқ. Бұл пікірмен келіспеймін, – деді Әскентай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →