×

Шерзат Болат ісі: сотта күдікті Дархан Әскентайдың түрі көрсетілді

Айыпталушылардан жауап алынды

Шерзат Болат ісі: сотта күдікті Дархан Әскентайдың түрі көрсетілді
Иллюстрация: Mila Grabowski / Медиазона

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды qaz365.kz.

Кезекті отырыста айыпталушылардан жауап алынды. Сот барысында төбелеске бірінші болып қатысқан күдікті Дархан Әскентайдың бейнесі көрсетілді. Сонымен қатар қылмысқа күдікті ретінде танылған оның жауап беру сәті тікелей эфирде көрсетілді.

Бұған дейін Әскентай сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауабымен келіспейтінін және оған қысым көрсетілгенін мәлімдеген еді. Бұл мәлімдемені теріске шығару мақсатында прокурор оның адвокатының қатысуымен өткен жауап алу сәтінің бейнежазбасын көрсетуге өтініш білдірді.

Жазбада тергеуші күдіктіден өзін қалай сезініп тұрғанын және жауап беруге дайын екенін нақтылап сұрайды. Әскентай жауап беруге дайын екенін білдіреді.

Сотта Дархан Әскентай оқиғаның қалай басталғанын тағы бір мәрте айтып, тергеу кезінде өзіне қысым жасалғанын растады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Кастет" дауы: Қаржаубайдың қорғаушысы Әскентайдың  сөзіне қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 14:10

"Кастет" дауы: Қаржаубайдың қорғаушысы Әскентайдың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаушылардың келтірген уәждері  талаптарға сай емес
Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барды. Алайда сот прокурор ауыспайтынын жеткізді. 
Айыпталушы Әскентай  жауап берген  сәтте түсініксіз жағдайда болғанын алға тартып отыр
Сот Шерзат Полат ісінде прокурор Дана Сәрсембайға қарсылық білдірген қорғаушылар талабын қанағаттандырмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →