×

«Базардан алған балықты жеп, аяқ-қолымнан айырылдым». Бота Бурханованың оқиғасы елді жылатты

«Базардан алған балықты жеп, аяқ-қолымнан айырылдым». Бота Бурханованың оқиғасы елді жылатты
видеодан кадр

Балық жеп, аяқ-қолынан айырылған келіншек Бота Бурханова журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында барлығын айтып берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол балықты базардың алдынан алғанын айтады. Кептірілген балыққа қатты қызыққаны соншалық үйіне әкеліп балаларына бермей өзі жеген.

Балықты жеген соң, ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ қатты мән бермедім. Келесі күні жағдайым тіптен нашарлады. Аяқ-қолдарым істемей қалды. Осылай реанимациядан бір-ақ шықтым. Ауруханада елестерді көп көріп, жағдайым кері кетті. Дәрігерлер мені «өледі» деп ойлаған. Туыстарыма да солай айтқан. Менің аяқ-қолдарым қап-қара болып көгеріп кеткен. Олар қолдағы тамырды таппай, мойын тұсымнан плазма жіберді, наркоз жіберді. Осыдан соң, менің миым толықтай істемей қалған, - дейді Бота Бурханова.

Оның айтуынша, ажалдан арашалап қалған анасының дұғалары көрінеді.

Мен аурухана түскеннен кейін, анам Египеттен үш күннен кейін келді. Оған да дәрігерлер «қызыңыздан үміт жоқ» десе керек. Дәрігерлерге ұрысыпты. Жағдайым қатты нашарлаған соң өзімен ала келген зәмзәм суымен жуындырып, дұға оқи беріпті. Былайша айтқанда анам мені өлімнен алып қалды, - дейді Бота.

Елдегі дәрігерлерден қайыр болмаған соң, Ботаны туыстары шұғыл Түркия еліне апарады. Ол жақта дәрігерлер аяқ-қолдарын кескен.

Алақанымды тірілту үшін, ішімке кесіп, біріктіріп тігіп қойған. Ал аяқтарыма 11 сағат ота жасады. Қатты қарайып кеткендіктен кесуге тура келді, - дейді Бота.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Бүгін, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →