×

60 мыңнан аса жолаушы зардап шекті: Ресей әуежайларында жүздеген әуе рейстері тоқтатылды

Қазір әуежайларда “домино әсері” басталған

60 мыңнан аса жолаушы зардап шекті: Ресей әуежайларында жүздеген әуе рейстері тоқтатылды
Сурет: Бейнеден кадр

Ресей әуежайларындағы рейстердің жаппай тоқтатылуы мен кешігуі олардың жұмысынтоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған украиналық дрондардың шабуылдары себеп болған.

Ресейдің Туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметінше, 60 мыңнан астам жолаушы зардап шеккен. 350-ден астам рейстің, оның ішінде ресейлік туристер жиі пайдаланатын Ыстамбұл мен Дубай арқылы өтетін транзиттік бағыттардың кестесі бұзылды.

Қауымдастықтың ескертуінше, ақаулар жалғасуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, “домино әсері” басталған — бір рейстің тоқтатылуы келесі рейстердің де кешігуіне әкеп соғады. Туроператорлар жолаушыларға рейс кестесіндегі өзгерістерді мұқият бақылап, мүмкін болатын ауыстыруларға дайын болуға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жоғалған баланы 1000-нан астам адам іздеген
Оқиға кеше кеше Қарақия ауданындағы «Ритм Нұр» демалыс орталығының аумағында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →