×

Үндістан-Пәкістан қақтығысы: Қазақстан азаматтары эвакуациялана ма

 Бұл жайында Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Үндістан-Пәкістан қақтығысы: Қазақстан азаматтары эвакуациялана ма
Сурет: indianexpress.com

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс салдарынан екі елден де Қазақстан азаматтары елге шыға алмай қалған болатын. Бұл жайында ҚР СІМ өкілі Қазақстан азаматтарын эвакуациялай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта екі елде де Қазақстан азаматтары бар. Олардың басым бөлігі Пәкістанда. Консулдық есепте тұрған азаматтар елшілікпен тұрақты байланыста.

"Қазіргі таңда бұл аймақта толыққанды әскери қақтығыстар жоқ, тек шекара маңында жекелеген соққылар болды. Сондықтан эвакуация мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ“,– деді Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин.

Сонымен қатар, министрлік жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыр және әзірге шұғыл әрекет етуді қажет ететін қауіп байқалмайды деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
Бүгін, 13:25

Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Ол директор болып алғаш келген күні-ақ ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар түскен
Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер мен полиция қызметкерлері кіргізбеген
Өрт Сарыарқа ауданындағы бутиктердің бірінен басталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →