×

"Бәлкім соңғы парады шығар": Астанада 97 жастағы ардагерді әскери шеруді көруге кіргізбей қойған

Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер мен полиция қызметкерлері кіргізбеген

"Бәлкім соңғы парады шығар": Астанада 97 жастағы ардагерді әскери шеруді көруге кіргізбей қойған
Сурет: Бейнеден кадр

Астанада әскери шеруді көруге келген тыл ардагерін шараға кіргізбей қойған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер мен полиция қызметкерлері кіргізбеген.

“Басшыларды шақырып, кіргізіңдер. Ұят болады. Бәлкім бұл соңғы парады шығар”, – дейді бейнеде.

Мұны көрген желі қолданушылары ардагерлерсіз әскери шеру өткізудің мәні жоғын айтып наразылық білдірді. Сондай-ақ, желіде де бұл жайт үлкен резонанс тудырған.

"Блогер сымақтарды кіргізгенше, осындай кісілерді неге кіргізбейді", "Жүрегім ауырып отыр ата үшін", "Атау, біздің елдің ұрпақтарын кешіре гөр", "Көзіме жас келіп тұр, ұят болды", "Мереке осы кісілердікі, өзі санаулы-ақ қалды ғой", –  деп жазды желі қолданушылары.

Аталған жағдайдан соң Астана әкімдігі ардагер мен оның отбасынан кешірім сұрады.

Кейін белгілі болғандай, шараға кіре алмай қалған ардагердің қазақтан шыққан алғашқы нейрохирург Теңдік Изақов екені белгілі болды. Қазір ол 97 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →