×

Әлі табылмады: Жетісу облысында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған жігіт суға ағып кетті

Оқиға 10 мамырда болған. Ол өзеннен өту арқылы күшін сынап көрмек болған

Әлі табылмады: Жетісу облысында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған жігіт суға ағып кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Көксу ауылының маңында өзеннен аспалы темір арқан арқылы өтпек болған 36 жастағы ер адам суға ағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеп отыр.

Оқиға 10 мамырда болған. Күшін сынап көрмек болған жігітті достары бейнежазбаға түсіріп тұрған.

“"Н" азаматының жоғалып кету фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ол Көксу өзеніне құлап кетіп, қатты ағыс ағызып әкеткен. 11 мамыр таңғы сағат 06:30-дан бастап ТЖД, орман күзеті, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерін тарта отырып, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.

Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, оның ішінде жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс жұмылдырылған. Олар Көксу өзенінің екі жағалауында ұзындығы 35 км-ге дейінгі учаскеде сегіз топ болып іздеу жүргізген. Алайда ер адам әлі табылмаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда жасөспірімді жабылып аяусыз соққыға жыққандар ұсталды
Бүгін, 12:08

Атырауда жасөспірімді жабылып аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Соққыға жыққандардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерінің баласы 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →