×

Шерзат өлгенде 15 адам болған, енді тек 1 адам айыпталып отыр - адвокат

Бір жылдан кейін талғарлық «бұзақылар» шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін

Шерзат өлгенде 15 адам болған, енді тек 1 адам айыпталып отыр - адвокат
Фото: t.me/Jogargy_sot

Танымал адвокат Джохар Утебеков Шерзат Болаттың өліміне тек бір адамның ғана айыпталып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Шерзаттың өлімі болған жерде 15 адам болған. Сосын 13 адам тергеуге алынған. Оның 11-ін қамады. Ал сотқа тек 9-ы жетті. Енді Шерзаттың өліміне тек 1 адам айыпталып отыр. Қалған айыпталушылар – көршілердің тыныштығын бұзғаны үшін ғана сотталуда. Біз бәріміз видеодан топ болып кісі өлтіргенін көрдік емес пе?, – дейді Джохар Утебеков.

Ол онда неге полиция мен прокурорлар «хуторлықтарды» кінәсіз деп отыр деп ренішін жеткізді. 

Судья істі заң аясында әділ жүргізіп жатыр. Бірақ полиция мен прокурорлар бостандыққа шығарып жібергендерді кісі өлтіргені үшін соттай алмайды.Бір жылдан кейін талғарлық «бұзақылар» шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін,- дейді адвокат.

Айта кетейік, марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде өтті. 17 сәуірде басты сот талқылауы басталды.

Айыпталушылар орнында 9 адам отыр.

Басты айыпталушы Шынасыл Шерзат Болатты өлтірді, оның ағасын өлтіруге оқталды және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген.

Сотталушылар тізімі:

Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы

Әскентай Дархан Баялханұлы

Ильясов Нұрқияс Төлетбекұлы

Сакиев Равиль Магамедович

Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы

Қалиахмет Дидар Еркінұлы

Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы

Ысқақ Думан Қайдарұлы

Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбедегі колонияға тауық етінің ішіне телефон салып кіргізген
Бүгін, 10:23

Ақтөбедегі колонияға тауық етінің ішіне телефон салып кіргізген

Оқиға Ақтөбе қаласындағы №70 тергеу изоляторында орын алған
Соққыға жыққандардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерінің баласы 
Ол кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныдан ары өте алмаған
Оқиға 10 мамырда болған. Ол өзеннен өту арқылы күшін сынап көрмек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →