×

«Комада жатыр»: Ақтауда екі оқушыны қатты келе жатқан көлік қақты

Оқыс оқиға бүгін Шығыс-2 мен Шығыс-3 ықшамаудандары арасындағы жол учаскесінде болды.

«Комада жатыр»: Ақтауда екі оқушыны қатты келе жатқан көлік қақты
Видеодан скриншот

Ақтауда екі жеткіншекті көлік қағып кетті. 3 оқушы жаяу жүргінші жолағы арқылы жолдан өтпек болған, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Алайда қатты жылдамдықпен келген автокөлік алдында келе жатқан екі баланы қағып өткен. 11 және 12 жастағы жасөспірімдер жедел ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқыс оқиға бүгін Шығыс-2 мен Шығыс-3 ықшамаудандары арасындағы жол учаскесінде болды. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаменті хабарлады. Екі жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі ес-түссіз күйде жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі комада жатыр.

2013 және 2014 жылы туған балалар жол апаты салдарынан бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, шұғыл көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Назарбаева қайтыс болғаны рас па? Айдос Үкібай жауап берді
Кеше, 17:17

Сара Назарбаева қайтыс болғаны рас па? Айдос Үкібай жауап берді

Бұған дейін кейбір БАҚ құралдары Сара Назарбаева 85 жасында өмірден өткенін жазған еді. 
Соңғы уақытта Назарбаева Алматы қаласындағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде болған.
Ол бұған дейін бас бостандығынан айырылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →