Видеода сол күні болған оқиғаны сағат 23:00 бастап көрсетеді. Ол кезде сотталушы Дархан Әскентайдың «Қамажай» дүкені ішіне кіріп, зат сатып алғаны түсірілген.
Талдықорғандағы Шерзат Болат ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысында оқиға болған күні түсірілген бейнежазбалар жұрт назарына ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видеода сол күні болған оқиғаны сағат 23:00 бастап көрсетеді. Ол кезде сотталушы Дархан Әскентайдың «Қамажай» дүкені ішіне кіріп, зат сатып алғаны түсірілген.
Кейін cағат 23:40-тағы сәт түсірілген. 42 минут кеткенде Әскентай дүкенге кіреді. 23:43-те сотталушы екі сыраны сатып алып, касса жанына келеді.
Қазіргі кезде уақыт 23:45, Әскентай өзінің танысы кәмелетке толмаған Асқарбекке хабарласып, дүкен сөресінде тұрған нөмірге 1000 теңге аударым жасауды сұрады, - деп сипаттады мемлекеттік айыптаушы.
Сонымен қатар сот процесінде судья әлеуметтік желіде қылмыстық іске қатысты субъективті пікір таратуға болмайтынын ескертті. Оның сөзінше, бұл кейбір жағдайда сотқа қысым деп қабылданатынын айтады. Алайда судья тергеу кезінде видео түсіруге Дархан Әскентайдың өзі рұқсат бергенін еске салды. Сотталушылардың ішінде 4 адам өздерін ашық түсіруге рұқсат берген. Дархан Әскентай да сот отырысында бұл деректі растады.