×

ШҚО-да су құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға орнына облысы әкімі барды. 

ШҚО-да су құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Видеодан алынған кадр

Үлкен Нарын ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Су құбырын жөндеу кезінде топырақ опырылып, екі жұмысшы көз жұмды. Үлкен Нарын ауылында су құбыры жарылған жерде апатты қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – дәнекерлеуші Ержан Айтпаев (1983 жылы туған) пен слесарь Сергей Кастерин (1970 жылы туған) қаза тапты.

Оқиға орнына облыс әкімі бірден барып, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Бейбіт, тұрақты уақытта өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан адам өлімінің болуы мүлде жол берілмейтін жағдай. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы кез келген кәсіпорын үшін ең жоғары басымдықта болуы тиіс – бұл кез келген экономикалық мүддеден маңызды. Әкімдік атынан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, біз оларға жан-жақты қолдау көрсететімізді жеткізгім келеді. Сонымен қатар, тиісті органдарға оқиғаның себептерін анықтап, оған кінәлі адамдардың жауапкершілігін белгілеу үшін жан-жақты әрі әділ тексеру жүргізуді тапсырдым, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазір бұл жағдайдың себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық материал кейін сотқа жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы қайтыс болды
Бүгін, 10:13

Абай облысында мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы қайтыс болды

Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →