×

Жерде жатқан Ғайыпбаевты тепкенім дұрыс деп ойлаймын - Шерзат сотындағы сотталушы

Тергеу барысында Тоқтаубаев Абзал Шынасылдың Шерзат Болатты пышақтағанын айтқан.

Жерде жатқан Ғайыпбаевты тепкенім дұрыс деп ойлаймын -  Шерзат сотындағы сотталушы
видеодан скриншот

Шерзат Болаттың өлімі бойынша сотта күдіктілердің бірі Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ол тергеуде берген жауабынан бас тартты. Алғаш тергеуге ілінгеннен бастап полиция пен жедел қызметкерлер азаптағанын, тіпті марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың өзі бөлімшеге келіп, сабап кеткенін мәлімдеді.

Тергеу барысында Тоқтаубаев Абзал Шынасылдың Шерзат Болатты пышақтағанын айтқан. Бірақ сот барысында ол жауабынан бас тартты.

Сот кезінде судья Ержан Жанұзақов сотталушыдан «Нұрқанат Ғайыпбаевты жатқан жерде тептіңіз, өз іс-әрекетіңізді дұрыс деп ойлайсыз ба?» деп сұрақ қойды.

Дұрыс деп ойлаймын. Себебі ол бізге мылтық атты, - деді ол.

Судья одан «сіз Ғайыпбаевты тептіңіз, ал полиция қызметкерлері сізді ұрды. Олардыкі дұрыс емес пе?» деп сұрады.

Аяусыздықпен ұрды ғой (бізді). Ол жерде төбелес орын алды ғой. Біз полиция қызметкерлерімен төбелескен жоқпыз ғой, - деп жауап берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →