×

Шымкентте оқушыны "Free Fire" аккаунты үшін 2 млн теңгеге алдап кетті

6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, алаяқтың бар тапсырмасын орындаған

Шымкентте оқушыны "Free Fire" аккаунты үшін 2 млн теңгеге алдап кетті
Сурет: Polisia.kz

Шымкентте оқушыны “Free Fire” аккаунты үшін 2 млн теңге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды”, – делінген полиция ақпаратында.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →