Прокурор Дана Сәрсенбай сотталушылардың бұрынғы тарихы оның мінездемесі екенін жеткізді
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысында сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. 16 мамырдағы процесте айыпталушы Азамат Тоқтаубаевтың бұған дейін сотты болғаны айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Иә, соттылығым болды. Оны бұл іске қатысы жоқ деп есептеймін. Маған осы іс бойынша сұрақ қойыңыз, мен сізге толық жауап беремін”, – деп жауап берді Тоқтаубаев.
Прокурор Дана Сәрсенбай сотталушылардың бұрынғы тарихы оның мінездемесі екенін жеткізді.
Азамат Тоқтаубаевтың неліктен пробациялық шешімді бұзғанын сұрады. Оның бұған дейін бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды. Азамат Тоқтаубаев өзінің пробациялық бақылауда емес үйқамақта болғанын және денсаулығына байланысты дәріханаға баруға тура келген соң, сыртқа шығуға мәжбүр болғанын айтты. Осылайша өзінің заң бұзғанын мойындады.
2023 жылдың 14 желтоқсанында мені Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) күдікті ретінде танып, екі айға қамауға санкция берілді. Осы уақыт ішінде Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында болдым. Кейін жәбірленуші бұл іске менің қатысым жоқ екенін жазбаша түрде растады. Соның негізінде 2024 жылдың ақпан айында үйқамаққа ауыстырылдым. Тергеу жалғасқан кезеңде жаз бойы Талғар ауданының полициясына тұрақты түрде барып жүрдім. Кейінірек, тергеу органдары тағылған айыпты ҚК 106-баптың 2-бөлігіне (аса ауыр зардаптарға әкелген денсаулыққа қасақана зиян келтіру) қайта саралады. Ал 2024 жылдың 17 қазанында сот үкімі шығып, мен 7 жыл мерзімге бас бостандығымнан айырылдым, - деді Дана Сәрсенбай.