×

Қызылордада апатты қонған ұшақ адамдары ай даладан табылды

Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен

Қызылордада апатты қонған ұшақ адамдары ай даладан табылды
Сурет: Бейнеден кадр/ТЖМ

Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан ұшақ бортындағы адамдар 8 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін ай даладан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

 “Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді. Олармен байланыс болмады. Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Табылған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті
Бүгін, 15:19

Сигналға назар аудармаған: Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті

Оқиға Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар — Алматы — 1 учаскесінде орын алған
Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →