×

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
@anvar_shalekenov

2024 жылғы 18 мамырда Мысырдың Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында қайғылы оқиға болды. Астанаға ұшуға дайындалып жатқан қазақстандық Ақмарал Мұқанова жазатайым жағдай салдарынан көз жұмды. Әуежайда жарнама экраны құлап, әйелді басып қалған, деп хабарлайды qaz365.kz.

Марқұм туралы оның кіндік баласы, журналист Анвар Шалекенов естелік айтып, жүрек тебірентерлік пікір білдірді.

Ол анамның бала кезден бергі жақын досы еді. Ақмарал апай өте жарқын, әрдайым күлімдеп жүретін жан болатын. Бұл сөздерді өткен шақта айту өте қиын, — деді ол.

Ақмарал Мұқанова ұзақ жылдар бойы Ақтөбе облысының полициясында қызмет атқарған. Зейнетке шыққаннан кейін Астанада ұлымен бірге тұрған. Журналистің айтуынша, марқұм өте мейірімді, әр адамға көңіл бөлетін, әсіресе ұлымен бірге саяхаттағанды ұнататын.

Қайғылы жағдай кезінде де ол ұлымен бірге болған. Қазір ұлы әлі Мысырда.

Жексенбі күні бұл суық хабарды естідік. Ауыр қабылдадық. Мұндай жағдай дәл Ақмарал апайдың басына түседі деп ешқашан ойламадық, — деді Анвар Шалекенов.

Бұл қайғылы оқиға қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Қоғам тарапынан әуежайдағы қауіпсіздік шараларына қатысты да сұрақтар туындап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →