×

Мектеп оқушысы ChatGPT көмегімен шабуыл жасап, үш оқушыны жаралады

Ол шабуылды алты ай бойы жоспарлаған

Мектеп оқушысы ChatGPT көмегімен шабуыл жасап, үш оқушыны жаралады

Финляндияда 16 жастағы жасөспірім орта мектепте үш оқушыны пышақтап, кейін өзі де жараланды. Жасөспірім шабуылды ұйымдастыруға көмектескен құрал ретінде ChatGPT жасанды интеллект платформасын қолданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қара киім, пышақ және камера

Оқиға 2025 жылдың көктемінде орын алған. Жасөспірім мектепке толықтай қара киіммен келген. Киіміне экшн-камера орнатып, шабуыл сәтін бейнежазбаға түсірген. Жергілікті деректерге сүйенсек, видео кадрларында оқушының әжетханадан шығып, қыздар тобына қарай бет алғаны, кейіннен оқу орнында айқай мен дүрбелең басталғаны көрінеді.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады, алайда олардың өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

ChatGPT-мен құрған  жоспар

Фин БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті бұл шабуылды шамамен алты ай бойы жоспарлаған. Сол уақыт аралығында ол ChatGPT нейрожелісінің көмегімен жоспар құрып, қажетті ақпараттарды жинағанын мәлімдеген.

Тағы бір маңызды дерек — шабуылдаушының алдын ала манифест жариялауы. Онда ол тек әйелдерге бағытталған әрекет жасайтынын ашық жазған. Бұл факт тергеу аясында жекелеген мотивациялық себептерді анықтауға негіз болмақ.

Жасанды интеллект және қауіпсіздік

Аталған жағдай қоғамда жасанды интеллектінің қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыланып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Менингиті барына қарамаған". Денсаулығы жарамсыз сарбаз әскерде көз жұмды
Бүгін, 16:43

"Менингиті барына қарамаған". Денсаулығы жарамсыз сарбаз әскерде көз жұмды

Сарбаз әскер қатарына биыл 25 сәуірде шақыртылған.
Борышкер компанияны Электрондық қаржы орталығының бас маманы тізімнен алып тастаған
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →