×

Шымкентте полицей тұтқын әйелді алдап зорлаған

Жәбірленушінің медициналық тексеру кезінде оның жүкті екені анықталған

Шымкентте полицей тұтқын әйелді алдап зорлаған
Сурет: : legkovmeste.ru

Шымкентте қамаудағы әйелді зорлағаны үшін уақытша ұстау изоляторы жедел уәкілі қамалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сарыағаш аудандық соты шешім шығарып, кәнілі деп тапқан.

“Айыптау нұсқасына сәйкес, 2024 жылы қыркүйекте айыпталушы жәбірленуші отырған камераға кіріп, анасына қоңырау шалуға мүмкіндік беремін деген сылтаумен оны қоймаға алып кеткен. Сол жерде, жәбірленуші қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ол оны зорлаған. Қамаудағы әйел бұл туралы бірден хабарламаған. Алайда қазан айында Шымкенттегі ҚАЖ мекемесінде медициналық тексеру кезінде оның жүкті екені анықталып, осы жайт тексеруге себебі болған.Тергеу барысында әйел өзіне зорлық көрсетілгенін мәлімдеді. Диас М.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Диас өз кінәсін мойындамай, жыныстық қатынас өзара келісіммен болды деп мәлімдеді. Кейін жәбірленушінің өзі де бастапқы берген жауабын өзгертіп, жүкті екенін және түрме жазасын естігенде күйзеліске түсіп, сол сәтте алғашқы мәліметтерді бергенін айтты. Алайда сот бұл мәлімдемелерді шындыққа жанаспайды деп таныды", –  делінген іс материалдарында.

Жедел уәкіл 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол процессуалдық шығындарды өтеуге және жәбірленушілерге көмек қорының есебіне  77 мың теңге көлемінде аударуға міндеттелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның айтуынша, сол кезде Қаржаубай ештеңе сатпаймын деп шығарып жіберген.
Абзал Шынасыл бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.
Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →