×

Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды

Сот отырысын тікелей эфирден қараңыз

Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды
Сурет: скриншот/Жоғарғы сот

Шерзат ісіндегі негізгі куәлар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тараптардың қосымша куәлары бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін, 21.05.2025 ж.күні сағат 10:00 де сотталушылардан жауап алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.

Тағылған айыпты естеріңізге сала кетейін:

1. Абзал Шынасыл - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіру” (99-бап 2-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап);

2. Равиль Сакиев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап 2-бөлігі);

3. Шыңғыс Белғожаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

4. Дархан Әскентай - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

5. Нұрқияс Ілиясов - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

6. Марат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

7. Дидар Қалиахмет - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

8. Азамат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөліігі);

9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.

 Сотталушылар жауапталып болғасын іс материалдары зерттеледі. Бүгінгі сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирде көріңіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →