×

Шерзат Болат ісі: сотталушы пышақ салғанын мойындап, бет-жүзін көрсетуге келісті

Ол сотта Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады.

Шерзат Болат ісі: сотталушы пышақ салғанын мойындап, бет-жүзін көрсетуге келісті
скрин видео

Талдықорғанда өтіп жатқан кісі қолынан қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың сотында негізгі айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Абзал Шынасыл сот отырысында өзінің келбетін бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетуге келісім берді.

Бұған дейін жауапқа тартылып жатқан бірнеше сотталушы – Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Такиев және Абзал Шынасыл бет-жүздерін жұртшылықтан жасыруды талап еткен еді. Алайда бүгінгі отырыста басты күдіктінің бірі бұл шешімнен бас тартып, түрін көрсетуге келісім білдірді.

Біз келістік. Бұл кісі камераға түсіре берсін дейді. Ешқандай жасыратын ештеңесі жоқ. Бар шындықты айтамын деп отыр. Сондықтан камерадан бас тартпайды. Бізге отырып сұрақ қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз, - деді оның адвокаты.

Ол сотта Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ ұрғанын мойындады. Сөзінше, төбелес кезінде Ғайыпбаев оларға қарсы мылтық атқан.

Барсам екпетінен жатты. Құймышағы ашық жатыр екен. Содан пышақты екі-үш сантиметр етіп ұстап, жамбасынан ұрып жібердім. Бәрі кеттік-кеттік деді, сосын кетіп қалдық, – дейді Абзал Шынасыл.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →