×

Шерзат ісі: Қаржаубай Нұрымовтың қолында болған пышақ көрсетілді

Ол пышақты сипаттап берді

Шерзат ісі: Қаржаубай Нұрымовтың қолында болған пышақ көрсетілді
скриншот/ Jogargy_sot

Шерзат Болатқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың тергеу барысындағы жауабының бейнежазбасы көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбада Нұрымов оқиға күні «Қамажай» дүкенінен қандай пышақ алып шыққанын сипаттап берді. Оның айтуынша, қолына алған пышақ — басы дөңгелек, кәдімгі май мен нан кесетін асүй құралы болған.

Бұл пышақты балаларды қорқыту үшін ғана қолыма алдым. Бірінші болып пышақпен қорқытқан — Нұрбол Тоқтаубаев еді. Оның қолында пышақ болған соң, мен де алып шықтым. Бірақ сол сәт бейнежазбаға түспей қалған, — деді ол.

Сараптамаға сәйкес, пышақтың жалпы ұзындығы — 29 см, жүзі — 15 см, сабы да — 15 см.

Сот отырысы кезінде айыпталушылардың бірі бейнежазбадағы сәтте Қаржаубай Нұрымовтың қолында басқа — сары түсті пышақ болғанын айтты. Судья бұл жайт жарыссөз кезеңінде қаралатынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті
Бүгін, 15:31

Теміржол апаты: ШҚО-да пойыз екі әйелді басып кетті

Бұл деректі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады    
Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →