×

Прокуратура даулы видеодағы адамдарды анықтайды – судья жеке қаулы шығарды

Сот жеке қаулы шығаруды қажет деп санайды.

Прокуратура даулы видеодағы адамдарды анықтайды – судья жеке қаулы шығарды
Pixabay.com

Кеше әлеуметтік желілерде сот процесіне қатысы бар делінген беймәлім тұлғалардың екіұшты әңгімені қамтитын бейнежазба таралды. Аталған жайт қоғамда қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Осыған байланысты сот тарапынан бейнематериалға қатысты жеке қаулы шығарылатыны хабарланды.

Сот мәліметінше, аталған видеодағы ақпараттың мазмұны мен диалогқа қатысушылардың тұлғасы нақты анықталмаған. Осыған орай, прокурорға бейнематериалдың шынайылығын тексеріп, видеодағы адамдардың кім екенін анықтап, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар сот Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, іс бойынша түпкілікті шешімді тек сот қана қабылдайтынын ескертті.

Ресми органдар тарапынан кез келген жорамал мен арандатушылыққа жол берілмейтіні қатаң түрде ескертілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған – Меруерт Түсіпбаева
Бүгін, 17:36

Бишімбаев Салтанат марқұмды қалай қинап өлтірсе, Ақнәрді де солай қинаған – Меруерт Түсіпбаева

 Ақнәрдің анасы әділдік іздеп сабылып жүр. Өйткені қылмыстық істі суицид деп отыр.
Осыған байланысты техникалық қызметкерлер Рустем Муксинов, Нәзира Оразалиева және Сәуле Кайдағұлова тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Шерзаттың анасы берген жауап сотқа айтқан жауабынан басқаша болып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →