Сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирден қараңыз
Шерзат Болат ісіндегі негізгі куәлар мен айыпталушылар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тараптардың қосымша куәлары мен арнайы куәлар қайта шақыртылады. Оның ішінде Шерзаттың анасы да бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін, 23.05.2025 ж.күні сағат 10:00 де сот отырысында бейнематериалдар мен жарыссөз алдындағы куәлардан қайта жауап алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.
Күдіктілерге тағылған айыпты естеріңізге сала кетейін:
1. Абзал Шынасыл - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіру” (99-бап 2-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап);
2. Равиль Сакиев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап 2-бөлігі);
3. Шыңғыс Белғожаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
4. Дархан Әскентай - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
5. Нұрқияс Ілиясов - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
6. Марат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
7. Дидар Қалиахмет - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
8. Азамат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөліігі);
9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Сотталушылар жауапталып болғасын іс материалдары зерттеледі. Бүгінгі сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирде көріңіз.