×

«Жарақаттың тереңдігі 12 см». Сарапшы Шерзатқа пышақ қай жеріне дейін кіргенін айтты

Ол Шерзат Болаттың мәйітіндегі анықталған жарақаттар туралы айтып берді.

«Жарақаттың тереңдігі 12 см». Сарапшы Шерзатқа пышақ қай жеріне дейін кіргенін айтты
скрин видео

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесінде Алматы қаласы бойынша сот сараптама медицинасының Талғар бөлімшесінің сот сарапшысы Мұхит Оралбайұлы жауап берді, деп хабарлайды

Ол Шерзат Болаттың мәйітіндегі анықталған жарақаттар туралы айтып берді.

Сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншылған, кесілген жарақат анықталды. Аталған жарақат артқы қолтық асты сызығының арасында, 5-6-шы қабырғалардың ортасынан табылды. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін жарақаттаған. Сыртқы жарақаттың көлемі 2 см. Жара арнасы арттан алдына қарай, солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай орналасқан. Жарақаттың тереңдігі  12 см, - дейді Мұхит Оралбайұлы.

Айта кетейік, іс бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Бұған дейін олардан сотта жауап алу аяқталды

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →