×

Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасын кәуап таяқшасын сұғып өлтірді

Қызды қорғаймын деп қаза тапты

Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасын кәуап таяқшасын сұғып өлтірді
Әлеуметтік желілерден

Қайғылы оқиға 24 мамырға қараған түні Қаскелеңде мектепті бітірушілердің кешінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түлектер коттеджді жалға алып, мектеп бітіргендерін атап өтпек болған. Кейбір оқушылар ішімдік ішкен.

Түн ортасы ауа қатты мас болған түлектердің бірі кәуап таяқшасын ұстап алып, айналасындағы жасөспірімдерге сес көрсете  бастаған.

Жастар дүрлігіп, жан-жаққа қаша бастағанда, ішімдік ішпеген бозбалалардың бірі жанындағы қызды қорғап, ашуға булыққан мас сыныптасын тыныштандыруға тырысқан. Сол кезде сыныптасы оның жүрек тұсына кәуап таяқшасын сұғып алған.

Жәбірленуші оқиға орнында, жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім етті.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция Qaz365.kz сайтының жолдаған ресми сауалына кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

"Полицейлер күдіктіні анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді", - делінген Алматы облысы ПД жауабында. 

Құқық қорғау органының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі мақсатында өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында 11-сынып оқушысын өлтіріп кетті
Кеше, 13:22

Алматы облысында 11-сынып оқушысын өлтіріп кетті

Күдікті ұсталып, қамауға алынды
Ашық дереккөздегі мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің болжам бойынша магнитудасы 4,0 балл. 
Ол Шерзат Болаттың мәйітіндегі анықталған жарақаттар туралы айтып берді.
Көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →