×

"Кім кінәлі, директор ме, жүргізуші ме?!": Жетісайдағы жанармай бекетіндегі өртке қатысты шешім шықты

"Кім кінәлі, директор ме, жүргізуші ме?!": Жетісайдағы жанармай бекетіндегі өртке қатысты шешім шықты
Фото: Zakon.kz

Жетісайдағы жанар жағар май автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.   

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, нәтижесінде бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өрткекүйіп, абайсызда олардың өлімдеріне алып келген екі адамға қатысты үкім шығарды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді. 29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды
Бүгін, 09:01

Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды

Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.
Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →