×

Назарбаевтың туған жерінде зауыт жарылып екі адам қайтыс болды

Деректер бойынша, қаза болған марқұмның жасы 50-де және ол 10 жыл бойы сол зауытта қызмет атқарып келе жатқан.

Назарбаевтың туған жерінде зауыт жарылып екі адам қайтыс болды
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Шамалған станциясының маңында орналасқан ұн зауыты жарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарасай ауданына қарасты Жібек Жолы ауылындағы кәсіпорында 23 мамыр күні жарылыс болып, кейіннен өрт шыққан. Оқиға орнында 4 адам зардап шекті. Олардың денесінің 70-80% күйік шалған. Жарақат алғандар бірден Қарасай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке қарай, күйік шалған екеуі ауруханада көз жұмды. Өзге зардап шеккендер қазір дәрігерлердің қадағалауында ем қабылдап жатыр. 

Деректер бойынша, қаза болған марқұмның жасы 50-де және ол 10 жыл бойы сол зауытта қызмет атқарып келе жатқан.

Жан сақтау бөліміне жеткізілген тағы бір қызметкердің жан тапсырғаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізілген екі адамның біреуінің денесі 95% ал екіншісінің денесі 80% күйген, олар қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр.

Өрт 9 қабатты өндірістік ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дәнді дақыл қалдықтарынан түзілген шаң мен ауаның жарылуынан туындаған. Өрттің жалпы ауданы 1377 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына 3 ранг бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 100-ден астам жеке құрам және 31 техника бірлігі жұмылдырылды, - дейді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Әйгерім Қаныбекқызы.

Ал компания басшысы зауытта өрт қауіпсіздігі техникалық талаптарға сай, деп отыр. Сондай-ақ науқастарға барлық материалдық көмек көрсетіледі деп уәде етті.

Жағдай қалай болғаны өзімізге түсініксіз. Келешекте айлықты көтеріп аламыз, отбасыларына көмек береміз. Оларды аяққа тұрғызып жібереміз, - дейді «Азия агрофуд» АҚ төрағасы Саян Әшенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →