×

Балабақшада 24 бала тамақтан уланды: санитарлық талаптар өрескел бұзылған

Оқиға Сайрам ауданында болған. 

Балабақшада 24 бала тамақтан уланды: санитарлық талаптар өрескел бұзылған
Pixabay.com

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Теспа ауылындағы «Нарымбет ата» мектепке дейінгі білім беру мекемесіне тиесілі балабақшада балалардың улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында мекемеде санитариялық ережелердің сақталмағаны анықталған. Тексеру нәтижесінде тағам қалдықтары мен қызметкерлердің қолынан алынған сынамалардан патогенді микрофлора табылды.

Барлық зардап шеккен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді. Улану себебі – тамақ дайындау ережелерінің бұзылуы, азық-түліктің дұрыс сақталмауы және қызметкерлердің жеке бас гигиенасын елемеуі, – деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қазіргі таңда оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Бүгін, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →