×

Польшада жұмыс: Қостанайлық әйел алаяққа 600 еуро аудармақ болған

Ол бұл ақшаны шетелде жұмыс істеу құжатын рәсімдеу үшін бермек болған

Польшада жұмыс: Қостанайлық әйел алаяққа 600 еуро аудармақ болған
Сурет: youtube.com/ Turkiya Bo'ylab

Шетелге жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ қостанайлық әйелден 600 еуро талап еткен, деп хабарлайды деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қостанай облысында киберполиция мен банк қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жергілікті тұрғын ірі көлемдегі қаржысынан айырылып қалудан аман қалды. Әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеген әйел Facebook платформасында Польшада жоғары жалақы төленетін бос жұмыс орны туралы хабарламаға жауап берген. Жұмыс беруші ретінде өзін таныстырған алаяқ хабарласқан бойда құжат рәсімдеу үшін 600 еуро көлемінде алдын ала төлем жасауды талап еткен. Күдікті қаржылық транзакцияны байқаған банк мамандары киберполицияға жедел хабар берген. Нәтижесінде ақша аударымы уақытылы тоқтатылып, алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қойылды. Әлеуметтік желілер арқылы, әсіресе шетелде жұмыс іздеп жүрген азаматтарды алдау жиілеп кетті. Мұндай жағдайда азаматтар аса мұқият болуы қажет. Ақпараттың рас-өтірігін тек ресми дереккөздерден тексеріп, күдікті жағдайлар туралы бірден полицияға хабарлаған жөн”, — делінген облыстық полиция департаменті. хабарламасында.

Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер тұрғындарды бейтаныс адамдарға ақша аударудан сақ болуға және кез келген күмәнді әрекетке байыппен қарауға шақырады.

:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →