×

Шерзат сотында Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақатына қатысты сараптама нәтижесі жарияланды

Бел тұсында сызықты формалы терісі сыдырылған жара болды.

Шерзат сотында Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақатына қатысты сараптама нәтижесі жарияланды
скрин видео

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісіне қатысты өтіп жатқан сот процесі жалғасты. Бүгін сот-медициналық сарапшысы Өмірбек Жолымбетов марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың оқиға кезінде алған жарақаттарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тексеру барысында Ғайыпбаевтың сол көзінің астында қабағында мөлшері 3,0 және 1,5 см көгерген түсті қанталау болды. Оң жақ құлақ қалқанындағы өсіндісінде дәл осындай сипатта қанталау болған. Мөлшері – 2,0 және 1,0 см. Шүйде бөлігінде жұмсақ тіндерінің ісініп қабынуы тіркелді. Бел тұсында сызықты формалы терісі сыдырылған жара болды. Оның беті қызыл түсті жұқа қабықпен қапталған. Оның мөлшері 15 және 4,0 см. Оң жақ жамбасы тұсында қиғаш тік жара болған, оның жиектері тегіс, ұштары доғал келген, мөлшері – 1,2 және 0,1 см, - деді Өмірбек Жолымбетов.

Бірақ ол сөзінде, анатомиялық құрылымға сай бұл жарақаттардың тереңдігі шамамен 0,5–1 см болуы мүмкін. Сарапшы зақымданулардың барлығы қысқа уақыт аралығында бір затпен салынғанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болат ісі: айыпталушылардың қылмыс түні өзара қалай сөйлескені белгілі болды
Бүгін, 13:01

Шерзат Болат ісі: айыпталушылардың қылмыс түні өзара қалай сөйлескені белгілі болды

Оқиға болған түні Prada көлігінде Абзал Шынасыл, Юлдаш Розыбакиев, Арлан Казкенов, Нұрқияс Ілиясов және Дана Жақсыгелді отырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →