Қыздың әкесі тергеудің әділет өтуін талап етіп отыр.
2025 жылдың 14 ақпанында Қарағандыда жантүршігерлік оқиға болды. 16 жастағы мектеп оқушысын бір топ жігіт зорлаған. Ал жәбірленушінің әкесі күдіктілерге қатысты әділетсіз шешім шығарылуы мүмкін деген алаңдап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әкесінің айтуынша, қызы сол күні құрбысымен бірге серуенге шыққан. Ата-анасы қала сыртында болған. Олар үйіне келгенде қызының мінез-құлқындағы өзгерістерді байқайды. Шындық әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды: видеода қыз бөгде пәтерде ес-түссіз, киімсіз жатқан.
Ер адам бейнематериалды күдіктілердің өздері әдейі таратуы мүмкін екенін айтады.
Бес жасөспірім қызымды қорлады. Қызымның психологиялық жағдайы өте ауыр. Біз тергеудің әділ өтуіне күмәнданып отырмыз, — деді ол.
Сондай-ақ оқушының әкесі күдіктілердің бірі қызына қорқыту арқылы қысым жасағанын, өзінің прокуратура мен ҰҚК-де туыстары барын айтып, бұл істен тек бірнеше ай ғана отырып құтылатынын айтқанын жеткізді.
Қызымды сол пәтерде таңға дейін құлыптап ұстап, әлдебір дәрілерді мәжбүрлеп ішкізген. Бір жігіттің сөзіне қарағанда, оның туыстары прокурор не ҰҚК қызметкері екен. «Ештеңе болмайды, отырсам да, екі айда бітеді» деп қорқытқан. Біз ешкімді нақты айыптамаймыз, бірақ осы нұсқа да тексерілуі тиіс, — дейді жәбірленушінің әкесі.
Жасөспірімнің туыстары біреулер қызының Damumed қосымшасына заңсыз кіріп, деректерін қарағанын айтып, бұл да тергеуге әсер етуі мүмкін деп алаңдаулы.
Полиция не дейді?
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты 2025 жылдың ақпанында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Үш күдікті ұсталып, қамауға алынған, қалғандарына қатысты тергеу жалғасуда.
Қазіргі уақытта жан-жақты, мұқият тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша іс сотқа жолданады. Іс облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, — делінген ресми хабарламада.