×

14-бөлім: Шерзат Болат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды

Сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирден қараңыз

14-бөлім: Шерзат Болат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды
скриншот/ Jogargy_sot

Шерзат Болат ісіндегі негізгі куәлар мен айыпталушылар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тараптардың қосымша куәлары мен арнайы куәлар қайта шақыртылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін, 29.05.2025 ж.күні сағат 10:00 де сот отырысында бейнематериалдар мен жарыссөз алдындағы куәлардан қайта жауап алынады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.

Күдіктілерге тағылған айыпты естеріңізге сала кетейін:

1. Абзал Шынасыл - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіру” (99-бап 2-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап);

2. Равиль Сакиев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап 2-бөлігі);

3. Шыңғыс Белғожаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

4. Дархан Әскентай - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

5. Нұрқияс Ілиясов - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

6. Марат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

7. Дидар Қалиахмет - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);

8. Азамат Тоқтаубаев - “Бұзақылық” (293-бап 3-бөліігі);

9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.

 Сотталушылар жауапталып болғасын іс материалдары зерттеледі. Бүгінгі сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирде көріңіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оқиға 25 мамыр күні Шымкент зообағында орын алған болатын
Оқиға Есенберлин даңғылындағы жолдың жүру бөлігінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →