×

Толған балағат сөз бен күлкі: Шерзат сотында айыпталушылардың оқиға күнгі көлігінен түсірілген бейне көрсетіліп жатыр

Бүгінгі сотта “Land Cruiser” көлігінің бейнетіркегішінен алынған жазба талқылануда

Толған балағат сөз бен күлкі: Шерзат сотында айыпталушылардың оқиға күнгі көлігінен түсірілген бейне көрсетіліп жатыр
Коллаж: Qaz365.kz

Шерзат ісі бойынша сотта айыпталушылар отырған көліктен алынған бейнежазба көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Сот отырысында Шерзаттың отбасы тарапынан адвокат “Land Cruiser” көлігінің бейнетіркегішінен алынған видеоны ұсынды. Бұл көлікте кейбір айыпталушылар отырған.

Бейнежазбада ер адамдардың дауыстары естіледі — олар күліп, балағат сөздер айтады, кейін басқа көлікке жақындайды. Сол жерде ауызша жанжал басталады, артынан екі көлік бір бағытқа қарай жүріп кетеді. Көлік ішінде айыпталушылармен бірге қыздар да болған. 

Шерзаттың адвокаты Мейірман Шекеев күдіктінің бірінен:

“Қыздарды өздеріңізбен күштеп алып жүрдіңіздер ме? Әлде олардың кетіп қалуға мүмкіндігі болды ма?”, – деп сұраған.

Оған айыпталушы Дархан Әскентай:

“Жоқ оларды мәжбүрлеген жоқпыз. Кетіп қалуларына мүмкіндіктері болды. Тек біз өзіміз апарып тастаймыз дедік”, – деп жауап берді.

Сот процесінің 14 бөлімі жалғасып жатыр. Сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирден көре аласыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
14.07.2025ж. 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →