×

Атырау облысында келіні енесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Атырау облысында келіні енесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
Pixabay.com

Атырау облысында егде жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында 1942 жылы туған әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша ұсталған. Ол – марқұмның келіні.

Атырау облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, ал қылмыстың себептері анықталу үстінде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп нақтылады департамент өкілдері.

Ауыл тұрғындары болған жайтқа қатты таңғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды
Бүгін, 09:01

Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды

Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.
Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →