×

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Фото: Alash.kz

Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандарға қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.

Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 16 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
Бүгін, 23:20

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →