×

Конаевтағы демалыс базасында 11 жастағы баланы ток соғып, қаза тапты

Қайғылы оқиғадан кейін электр бағанары жағажайдан алыс жерге көшірілген

Конаевтағы демалыс базасында 11 жастағы баланы ток соғып, қаза тапты
Коллаж: Қапшағай жағажайы/қайтыс болған баланың әпкесі

11 жастағы бала Конаев қаласындағы демалыс базасында ток ұру салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Қайтыс болған баланың әпкесінің айтуынша, жағажайда сымдар салбырап тұрған. Әйел адамның сөзінше, база әкімшілігі бұл мәселе туралы бұрыннан хабардар болған, себебі бұған дейін сол жерде сиырлар да токқа түсіп өлген.

«Інімнің баласы барханға ойнауға барған. Бәлкім, салбырап тұрған сымды көрмей қалған шығар, себебі ол аспанмен бірдей болып, байқалмай қалған. Ток ұрып өлтірді. Қорытынды бар. Әжеміздің айқайына жүгіріп келген бір қызды да ток ұрды. Оның денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ініме еңкей деп айғайлап үлгерді. Тағы бір жігітті де ток жеңіл түрде ұрған», – деп жазды баланың туысы.

Конаев әкімдігі оқиға орын алған электр желілерінің жеке меншік иелігінде екенін хабарлады. Қайғылы жағдайдан кейін тіректер жағажайдан алыс жерге ауыстырылды.

«Бұл факті бойынша Конаев қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 3-бөлігі ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету, абайсызда адам өліміне әкелу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.

Аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Бүгін, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →