×

Астанадағы базарда зейнеткерді қалта ұрысы тонап кетті

29 жастағы ер адам ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген

Астанадағы базарда зейнеткерді қалта ұрысы тонап кетті
gotobuenosaires.com

Елордада базардың қақ ортасында зейнеткердің қалтасына ұрлыққа түскен ер аадамның қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

“Астаналық 63 жастағы тұрғын полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның әмиянын ұрлап кеткен. Тексеру барысында оқиғаның “Шапағат” базарында болғаны анықталды. Әйел сауда нүктесінде есеп айырысып, әмиянын күртешесінің қалтасына салған. Алайда үйіне оралғанда оның жоғалғанын байқаған. Әмиян ішінде 200 мың теңгеден астам қаражат болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицияның жедел-іздеу бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. 29 жастағы ер адам өз кінәсін толық мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты,” – делінген полиция басқапрмасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр
Бүгін, 01:10

Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →