×

Қарғандыда 2 жасар баланы жүк пойызы қағып кетті

Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған

Қарғандыда 2 жасар баланы жүк пойызы қағып кетті
Сурет: smartik.ru

 Қарағанды маңындағы теміржолда екі жасар баланы жүк пойызы қағып кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр,  деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы ақпаратты «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесі мәлімдеген. Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған.

Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

“Бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды”, –  деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр
Бүгін, 01:10

Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →