×

Ақнәр Хамиттің өлімі: куәгер өз нұсқасын айтты

Ол сол түні Ақнәрмен бірге болған. 

Ақнәр Хамиттің өлімі: куәгер өз нұсқасын айтты
Видеодан алынған кадр

Алматыда өткен жылы шілде айында 7-қабаттан құлап қайтыс болған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Көпшіліктің назарын аударған бұл істегі негізгі куәгер — сол түні марқұммен бірге болған Рана есімді бойжеткен алғаш рет желіде өз көзқарасын жария етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рананың айтуынша, Ақнәр мен Дидар есімді жігітпен үшеуі КИМЭП университетінде танысқан. 21 жастағы студент қыз олар үшеуі жиі араласқан достар болғанын айтады.

2024 жылдың 20 мамырында анам жол апатынан қайтыс болды. Бұл мен үшін үлкен күйзеліс еді. Сол кезде Ақнәр мен Дидар хабарласып, қолдау білдірді. Кейін, 18 шілде күні олар мені қытай мейрамханасына шақырды, – дейді ол.

Рананың айтуынша, мейрамханадан кейін үшеуі Дидардың пәтеріне барып, ішімдік ішкен. Алкогольді Ақнәрдің өзі ұсынған көрінеді.

Кеш жайлы басталғанымен, бәрі кенеттен өзгеріп кетті. Ақнәр алдымен жылады, кейін агрессия таныта бастады. Мені ұрып, шашымнан тартып, бетіме зақым келтірді. Мен асүйге тығылып, өзімді қорғауға тырыстым, бірақ шамам келмеді, – деп еске алады Рана.

Сол сәтте Дидар ваннаға тығылып, Ақнәрдің ағасына «бір қызды өлтіріп жатыр» деген мазмұндағы аудио хабарлама жіберген. Әлеуметтік желіде тараған бұл дауыс жазбасы көптің ашуын тудырған болатын. Рананың айтуынша, жазбада айтылған қыз – өзі.

Ақнәр біраз тынышталған соң, біз үшеуміз үйді қарап шықтық. Бірақ оны таба алмадық. Кенет полиция келіп, пәтерден бір қыз құлап кеткенін хабарлады. Мен сенбедім. Ақнәр өзіне қол жұмсайды деп ойлаған емеспін, – деді студент.

Рананың айтуынша, олар полицияға жеткізіліп, тергеуге алынған. Ол өзінің де, жанында болған құрбысының да алкоголь мен есірткіге тест тапсырғанын, нәтиже теріс болғанын жеткізді.

Мен Қазақстанда жетінші сыныптан бері оқып жүрмін, қазақ тілін еркін меңгергенмін. Ал Дидар елге жақында келген, сондықтан оған заңгер қажет болды. Мен жауапты өз бетіммен бердім. Біз болған жайтты тергеушілерге ашық айттық, – дейді ол.

Марқұмның анасы күдіктілерді жазалауды талап етіп отыр

Ақнәрдің анасы — Гүлістан Хамит қызын өлтірер алдында қатігездікпен азаптаған деп санайды. Оның айтуынша, медициналық сараптама қызының ұрып-соғылғанын, денесінде тістеген іздер, жыртылған тері, жұлынған шаш пен сынған тырнақ болғанын растаған.

Гүлістан Хамит қызына көрсетілген зорлық-зомбылықтың фотосуреттерін және «қинап жатыр» деген бейнежазбаны ұсынған. Ол терезеден секіріп кеткен деген болжаммен келіспейтінін айтып, қылмыстық істің әділ тергелуін талап етіп, Бас прокуратураға бірнеше рет жүгінген.

Іс министрлік бақылауында

Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиғаға байланысты Алматы полициясы видеоайғақтарды қайта қарап, тергеуді күшейтті. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істі жеке бақылауына алып, тергеу барысын апта сайын тыңдайтынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр
Бүгін, 01:10

Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →