×

Риддер орманында жоғалып кеткен 71 жастағы әйел табылды

Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған

Риддер орманында жоғалып кеткен 71 жастағы әйел табылды
Сурет: Бейнеден кадр/ТЖД

Бүгін ТЖМ құтқарушылары кеше Риддер қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы таулы жерлердегі орман алқабында адасып кеткен 1954 ж.т., әйелді тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

 “Әйел шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне оралмаған. Тәулік бойы онымен байланыс орнату мүмкін болмады. Іздестіру ауданы - жету қиын, таулы, қалың орманмен қиындай түсті. Жоғалу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін бірден ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталды. Аумақты әуеден тексеру үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. Сондай-ақ, жерасты құтқару топтары жұмылдырылды. Әуе аралау барысында жоғалған адам орман алқабының арасындағы ашық аумақта табылды. Оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір әйелдің денсаулығы жақсы. Отбасымен қайта қауышқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Бүгін, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →