×

«Зардап шеккендер бар». Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған

«Зардап шеккендер бар». Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Фото: astanovka98

2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус хабарландыру таблосы ілінген бағанға соғылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Жол апаты Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған.

Жарақат алғандарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Артынша автобустың алдыңғы бөлігінің фотосы жарияланды. Кадрлардан көлік құралының есігі ашылмай қалғанын көруге болады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр,  - деп мәлімет берді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →