×

«Фурада жатқанымa бесінші күн»: Шекарада қалған қазақстандық жүргізуші көмек сұрайды

Ол Қытайдан Әзербайжанға бірінші рет көлік тасымалдап барған

«Фурада жатқанымa бесінші күн»: Шекарада қалған қазақстандық жүргізуші көмек сұрайды
Коллаж: Qaz365.kz

Алматы облысы, Шелек ауылының 1982 жылғы тумасы, жүк көлігінің жүргізушісі Нұржан Жанаев БАҚ пен құзырлы органдардан көмек сұрайды. Отандасымыз бес күннен бері кедендік құжаттарға байланысты Әзербайжан аумағынан шыға алмай отыр,  деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жүргізушінің айтуынша, ол Қытайдан Әзербайжанға бірінші рет көлік тасымалдап барған. Бұл сапарында ол сегіз көлік алып барған, әр екі көлікке бір CMR жүкқұжаты рәсімделген. Барлығы төрт CMR құжаты болған.

«Мен барлық құжаттарды тексеруге терезеден бердім. Қайтарғанан кейін байқасам, қолымдағы құжаттар толық емес, ішінде бір-бір парақтан жоқ. Бір құжатта үш беттің біреуі жоқ, екіншісінде шот-фактура жетіспейді. Солай алып қалған сияқты. Өзім жоғалтсам толық құжатты жоғатпаймын ба, арасынан бір-бірден емес», — дейді Жанаев.

Ол Әзербайжаннан шығуға әрекет жасаған кезде, шекара қызметкерлері құжаттардың толық еместігін айтып, оны өткізуден бас тартқан.

«Мен Қытайдан құжаттардың көшірмесін сұрадым, олар маған PDF форматында жіберді. Сөйтіп жоқ құжаттарды толтырған болдым, бірақ енді оларда Ресейдің қызыл мөрі болуы керек дейді. Ал ол мөрсіз мені шығармай отыр», — деп түсіндірді жүргізуші. 

Ол мөр қолындағы құжаттың көшірмесінде анық көрініп тұрғанын айтады. Құжатты қабылдап алған кезде түпнұсқаны алып қалып, көшірмесін береді, сол көшірмеде қызыл мөр бар. Алайда оны қабылдамай отыр, дейді ол. 
Жағдайды қиындатып тұрған жайт — шекарада оның төлқұжатын кепіл ретінде алып қойған.

 «Ал енді мөр қой деп жатыр, ал менде құжат та, төлқұжат та жоқ болғандықтан, ол жерге (терминалға – ред.) кіре алмай отырмын», — дейді ол.

Жанаевтың айтуынша, ол Қазақстан елшілігіне де жүгінген. Консул Әсел есімді қызметкер көмектесемін деп уәде берген, бірақ уәде орындалмаған.

«Ол «қазір, қазір» деді, бірақ біраз уақыт өткенімен, ешқандай әрекет жасамады. Менің көлікте жатқанымa бес күн болды», — деді жүргізуші.

Ол осы мәселеге БАҚ назар аударса, дейді.  Өйткені Құрбан айтқа байланысты шекара жабылса, жағдайы мүлдем қиындағалы тұрғанын айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Омбудсмен үнсіз: БҚО-да бес баланың қаза табуына ресми реакция болған жоқ
Бүгін, 13:27

Омбудсмен үнсіз: БҚО-да бес баланың қаза табуына ресми реакция болған жоқ

Құрбан болған балалардың жастары 1-ден 6 жасқа дейінгі аралықта болған
Некеге отырғаннан кейін бес күн өткен соң, қыз туған әкесіне қашып кеткен
Желі қолданушылары бұлай тәуекелге барудың қажеті жоқ еді деп жатыр. 
Ол өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →