Әлеуметтік желіде қазақ қызының Оңтүстік Кореяда асылып қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
1982 жылғы қазақстандық азамат саябақтардың бірінде өз-өзіне қол салып, өмірден өтті. Ол бұл елге 2017 жылы келіп, кәріс азаматына некеге тұрған. Екеуі заңды некеде. Орталарында бала жоқ. F-6 визасы болған (неке визасы). Полицияның мәліметінше, отандасымыз үйіне жақын орналасқан 25 мамыр күні сағат 3-тер шамасында өз-өзіне қол салған. Марқұмның денесін сол жерде жүрген кәріс азаматы таңғы 5-тер шамасында көріп қалып, құзырлы органдарға хабарлаған. Келіншектің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Марқұм әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан күйеуі біле тұра, кремация жасаған. Яғни мәйітін өртеп жіберген. Полиция бұл іс бойынша толық тергеу жұмыстарын аяқтады. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша елшілік құжаттарды дайындаған, - дейді видео авторы.
Ол бұл істе ешқандай қылмыс болмағанын, қазақстандық әйел суицид жасағанын айтып отыр. Күйеуі марқұмның денесін құшақтап бергісі жоқ екен. Егер өз еркімен бермесе, мәжбүрлі шара қолданатын көрінеді.
Сыртқы істер министрлігі әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.