×

«Ақнәрдің анасы туралы шындықты ел білуі керек»: Қытайда үндеу жасаған әйел Гүлстан Хамитті айыптады

Гүлстан Хамитті "бізді көз жасымызға қалдырған" деп айыптады

 

«Ақнәрдің анасы туралы шындықты ел білуі керек»: Қытайда үндеу жасаған әйел Гүлстан Хамитті айыптады
Ашық дереккөзден

Жұмбақ жағдайда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің анасы — Гүлстан Хамитке қатысты бұрын-соңды айтылмаған айыптау пайда болды. Қытайда онымен бірге жұмыс істеген қазақ әйелі үндеу жасап, Ақнәрдің анасына “эмоционалды тұрақсыз тұлғалық бұзылыс” диагнозы қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қытайдағы әйелдің сөзінше, 2014 жылы Гүлстан Хамитке және өзіне «эмоционалды тұрақсыз тұлғалық бұзылыс» диагнозы қойылып, екеуі де мерзімінен бұрын зейнетке шығарылған. Оның пікірінше, бұл дерт тұқым қуалайды.

«Меніңше, Ақнәр де осы ішкі күйзелісті бастан кешті», – дейді ол.

Сол кезеңдегі тағы бір оқиға есіне түскен куәгер Гүлстан Хамиттің әділетсіз әрекетке барған жайлы да айтады.

«Менің күйеуім Құрмет сол мекемеде қатардағы қызметкер еді. Бірде ол жұмысқа ішімдік ішкен күйінде келді. Бұл бір реттік жағдай болса да, Гүлстан оның алты айлық жалақысын бермей қойды», – дейді әйел.

Отбасындағы қиындыққа байланысты автор Гүлстанның үйіне барып кешірім сұрағанын, қой алып барғанын айтады.

«Тізерлеп тұрып жыладым. Ол мені аяқпен теуіп, “Шұғыла, жоғал үйімнен!” деді. Жанымды жегені – жоқшылық емес, тапталған ар мен ашық қорлық», - дейді ол.

Әйелдің сөзінше, сол мекемеде жұмыс істеген Жарқын есімді тағы бір қызметкер де жалақысыз қалғаннан кейін күйзеліске ұшырап, қайтыс болған. Көп ұзамай оның күйеуі, сондай-ақ Дамыл мен Қалбият есімді қызметкерлер де өмірден өткен.

Сондай-ақ ол Ақнәрдің анасын ішімдікке салынған, күйеуін тастап кеткен әйел ретінде сипаттайды.

«Айқын сабырлы, мейірімді адам еді. Ал Гүлстан өз қолымен бәрін қиратты. Тіпті оны 30 жасында зейнетке кетуге мәжбүрледі. Енді Гүлстан ел алдына шығып, көз жасын төгіп, өзін кінәсіз етіп көрсеткісі келеді. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын Гүлстан, егер осыны оқып отырсаң – мен сенің ісіңмен айналысамын. Өмір – бумеранг», – дейді өз үндеуінде Қытайдағы қазақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды
Кеше, 23:23

Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан
Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →