×

БҚО-да өрт кезінде бір үйдің бес баласы қайтыс болды

Олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 

БҚО-да өрт кезінде бір үйдің бес баласы қайтыс болды
Pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаза тапқан балалардың ең үлкені небәрі бес жаста болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болды. Жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жеткенімен, балалардың барлығы ес-түссіз жатқан. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиға орнына келгенде үйдің ішінде 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз ашық жалынмен жанып жатқан. Шақырту орнына облыстық ТЖД басшылығы, өрт сынақ зертханасы, тергеу бөлімі және психолог барды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 
Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →