×

Батыс Қазақстанда 5 баласынан айырылған отбасыға әкімдік үй беретін болды

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында тұрғын үйдегі өрттен бес бала мерт болды.

Батыс Қазақстанда 5 баласынан айырылған отбасыға әкімдік үй беретін болды
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында жеке үйден өрт шығып, бес бала қаза болды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев  қайғы жұтқан отбасылық материалдық көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында тұрғын үйдегі өрттен бес бала мерт болды.

Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары, - дейді әкім.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →