Сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирде қараңыз
Бүгін сағат 16:00-де «Шерзат ісі» бойынша үкім шығады. Мемлекеттік айыптаушылар сұраған жаза сол күйінде қала ма, әлде судья жыл қосып бере ме - бұл жағы сәлден соң белгілі болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазір 9 айыпталушы сот ғимаратына жеткізілген. БАҚ өкілдері өте көп. от залына келушілердің бәрін қатаң тексеріп, өткізіп жатыр. Сот залына айыпталушылардың адвокаттары да келді.
Сот залына кіре берісте арнайы жасақ қойылған.
Еске сала кетейік, прокурорлар сотталушыларға қатысты келесі жазаларды соттан талап еткен болатын:
- Абзал Шынасыл – «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұралды;
- Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
- Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дархан Қалихамет, Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
- Нұрқияс Ілиясов – 7 жылға сотталуы тиіс, ал бұрын өтелмеген жаза мерзімін ескере отырып, жалпы 9 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
- Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 290-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға соттау, ал бұрынғы жазалармен қосып есептегенде 15 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
- Равиль Сәкиев – ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға соттау, ал бұрынғы өтелмеген жазасын ескере отырып, жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру талап етілді.
Айыптаушы тарап барлық сотталушыға қатысты ең жоғары жаза тағайындауды сұрап отыр.