×

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот үкімі шықты

Барлығы 9 сотталушы заңға тартылған

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот үкімі шықты
Иллюстрация: Mila Grabowski / Медиазона

Сотталушылар әртүрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам сотталушы ретінде заңға тартылған. Олардың ішінде біреуі кәмелетке толмаған.

Сот үкімімен:

  • Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5, 9 және 14-тармақтары (аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1, 7 және 9-тармақтары (екі немесе одан да көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып адам өлтіруге оқталу) бойынша айыпталған. Сот оған түпкілікті 23 жылға жаза тағайындады.
  • Равиль Сакиев 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі – 99-бап 2-бөлігі 7 және 9-тармақтары (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.
  • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша  7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бабымен 9 жылға сотталды.
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап 1-бөлігі (ұрлық) бабымен 15 жылға сотталды. Сот оның бұрынғы жазасымен бірге түпкілікті үкім кесті.
  • Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ 434-бап (қылмысты жасыру) бойынша айыпталған. Сот оған 1,5 жылға жаза берді.
  • Прокурор Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сәкиевті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал қалған сотталушыға 1,5-15 жылға дейінгі мерзімге жаза тағайындауды ұсынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →