Бұл төлемдер моральдық және материалдық зиянды өтеу шеңберінде қарастырылған
Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінде жақындарының моральдық өтемақы бойынша азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
- Абзал Шынасыл Шерзаттың әкесі, анасы мен әжесінің әрқайсына 20 миллион теңгеден моральдық зиян өтейді.
- Равиль Сәкиевтен Шерзаттың әкесі мен әжесіне (әрқайсына)15 миллион теңгеден өтеуге міндеттелді.
- Шыңғыс,Белғожаев Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Тоқтаубаев Нұрбол, Дидар Қалиахметтен ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндіру бұйырылды.
- Ал Шыңғыс,Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Азамат және Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет сондай-ақ Жұмабике Қадыроваға 10 миллион теңге өтемақы беру міндеттелді.
Еске салайық, бұл іс бойынша барлығы 9 адам айыпталған.
Бұл төлемдер жәбірленушілерге келтірілген моральдық және материалдық зиянның өтемақысы ретінде қарастырылды. Сот мұндай шаралар жәбірленушілердің құқықтарын әділ қалпына келтіру үшін қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, Шерзат Полаттың ісі жасөспірімнің бір топ адаммен жанжал кезінде қайғылы қаза табуына байланысты қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ұзаққа созылған тергеу мен сот тыңдауларынан кейін Абзал Шынасыл кінәлі деп танылып, қатаң үкім кесілді. Бұл шешім қоғам назарын аудартқан іске соңғы нүкте қойды.